Қазақстан мен Түркияның әскери ынтымақтастығы кеңейетін болды

Dalanews 01 нау. 2022 04:13 290

ҚР Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды, – делінген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x