Зеленский бай мен кезбеге бірдей басшы бола білді

Dalanews 28 ақп. 2022 03:26 211

Украинада кезбелер (бомж) бөтелке жинап, Молотов коктейлін жасап жатқан тұрғындарға көмектесіп жатыр. Оларда үй жоқ, құжат жоқ, бірақ жүрек пен Отан бар екен!

Халқының осындай ұлы махаббатын оятқан Володимир Зеленский әлемдік лидерлердің аузын ұрды.

Онда Байдендікіндей байлық, Макрондыкіндей дос-жаран, Путиндікіндей қызыл кнопка жоқ, есесіне ұлт сүйіспеншілігі бар.

Енді ол әлем халқының ықыласына бөленген Ер болды. Жаһан "Украина!!! Зеленский!!!" деп жаңғырып тұр.

Соңғы ширек ғасырда жер бетінде мұндай саяси тұлға болмаған! Ол зұлымдық пен аярлықты  мысқылдап,  сонысы үшін "сайқымазақ" атанып еді.

Енді шын сайқымазақтардың бетпердесін сыпырды!  Бай-бағылан мен қайыршыға тең көсем бола білген саясаткер мен халқына осы түнгі ауыр айқаста Жаратқан жар болсын!

Серік Әбікенұлы, журналист

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x