Путинмен украин-беларусь шекарасында кездесеміз - Зеленский мәлімде жасады

Dalanews 27 ақп. 2022 15:16 135

Украина президенті Володимир Зеленьский Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы тілдесті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тараптар соның нәтижесінде келесідей келісімге келген:

"Украин делегациясы ресейліктермен ешбір талап-шартсыз украин-беларусь шекарасында, Припять өзенінің маңында жүздеседі.

Лукашенко өз тарапынан, украин делегациясының барыс-келісі мен келіссөз кезінде атыс-шабысты болдырмауды жауапкершілігіне алады.


Осы аралықта Беларусь аумағында орналасқан әскери ұшақтар мен тікұшақ әуеге көтерілмейді", – деп мәлімдеді Зеленский.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x