Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Тоқаевтың уәзірі

Dalanews 25 ақп. 2022 07:34 147



Мемлекет басшысының Өкімімен Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметін атқарды.

Тұрғымбаевтың отставкасы туралы хабар қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың азапталғаны туралы шағымдар көбейіп, ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары, бұған қоса бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қамалған тұста тарады.

Қаңтар оқиғасынан кейін тергеу изоляторларындағы азаптаулар жайлы көп шағым түсті. ІІМ полицияның ұсталғандарды азаптағаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Өткен аптада Тұрғымбаевтың отставкасын талап еткенпетицияға мыңдаған адам қол қойған.

Петиция авторлары қамаудағы азаптаулар туралы шағымдардың көптігін алға тартып, қаңтар оқиғасын жан-жақты зерттеуге шақырған.


Олар Алматыдағы алаңда 6 қаңтарда бейбіт наразыларға оқ атқандарды да жауапқа тартуды талап еткен.

Қаңтар оқиғасы кезінде қазақстандық полицейлер қызмет орнын тастап кеткені үшін де айыпталды. Бас прокуратура мәлімдемесінде "Алматы және Жамбыл облыстарында [полиция] қызметкерлері қарсылық көрсетпестен мемлекет мүддесі мен қоғам қауіпсіздігіне қайшы әрекет етіп, қару-жарақ пен оқ-дәрі бар полиция департаменті ғимаратын тастап кетті" деп жазылған. Соның нәтижесінде ведомство мәліметінше, 1,5 мыңнан астам қару-жарақ жоғалған.

І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен награтталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x