Мұрат Әбенов: «Ассамблеядан депутат сайлауды қайта қарау керек!»

Dalanews 17 ақп. 2022 04:04 323

Белгілі саясаткер, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов өзінің Фейсбуктағы парақшасында «Қантар оқиғасының» негізгі себептерінің бірі қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғап, елдегі жағдайды билікке жеткізетін жүйелі саяси құрал болмаудан туындағанын айтты, сонымен қатар ол Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарға қатысты ойын да ортаға салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Алдағы саяси реформаға көп мәселелерге жауап беру керек? Қазақ елінің қаны төгілген «Қантар оқиғасының» негізгі себептерінің бірі қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғап елдегі жағдайды билікке жеткізетін жүйелі саяси құрал болмағанын осындай жағдайға тап болманымызды мойындаумыз керек.

Бейбіт митингке шыққандардың басым көпшілігі қазақ тілді, өзге аймақтардан келген азаматттар болғанын білеміз.

Бізде партиялық тізімнен бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы сайлаған депутаттар бар. Олар бұндай қиын кезеңде қайда жүрді? Халықтың атынан сайлан депутаттар бейбіт шерушілердің ортасында болып, жұртқа араша түсті ме? Ең болмаса бейбіт митингке шығып құрбан болғандардың отбасына көңіл айтты ма?


Мен мұндай әрекетті байқамадым...

Осындан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бөлектеп Парламентке депуттар сайлаудың қандай қажетті бар деген сұрақ туындайды. Меніңше, осы мәселені қайта қарау керек.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x