Cоңғы жаңалықтар
Back

Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасы анықталды

4 – 13 наурыз аралығында XIII қысқы Паралимпиада ойындары Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжінде өтеді. Қазақстан тарапынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен қатысып, ел намысын қорғайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Биылғы COVID-19 жағдайы спортшыларымыздың Пекин-2022 қысқы Паралимпиада ойындарына толыққанды қатысуына кедергі келтірді. Спортшылар Паралимпиада ойынадарына іріктеу жарыстарының көбісіне қатыса алмады.  Сондықтан Пекин-2022 ойындарына ұлттық құрама командамыз толық құрамымен бармайтын болды. Біздің паралимпиадашылар қысқы ойындарға барар жолда үлкен жұмыс атқарды, көп еңбек етті. Паралимпиада ойындарына жолдама алудың өзі үлкен жетістік.  Біздің паралимпиадашылардың жеңіске деген ұмтылысы жоғары, әлеуеті зор, өз күшіне сенімі берік», – деп атап өтті Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00 басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

«Пара шаңғыдан ұлттық құрама командасы қазір Алматы облысында Пекин-2022 қысқы ойындарына арналған оқу-жаттығу жиындарында. Жиын карантин режимінде өтуде. Covid-19 короновирус індетін таратпауға арналған барлық жағдайды жасалынды. Спортшыларды Паралимпиада ойындарына қатыстырып, елге жақсы оралу біздің басты мақсатымыз. Спортшылардың жағдайы жақсы, жарысқа дайын және жеңіске ұмтылысы мықты», – деді ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Василий Коломиец.

Пекин-2022 қысқы Паралимпиада ойындарында ҚР ұлттық құрама командасының өнер көрсету кестесі  (Нур-Султан уақыты бойынша)

5 наурыз, сенбі

БИАТЛОН

Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00-11:15Финал / отырып /  6 кмСергей Усольцев
12:00- 13:15Финал / тұрып / 6 кмАлександр Герлиц
6 наурыз, жексенбі

ПАРА ШАҢҒЫ

Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00- 11:35Финал / отырып /  18 кмХамитов Ербол
Петренко Денис

8 наурыз, бейсенбі

БИАТЛОН

Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00-11:15Финал / отырып /  10 кмСергей Усольцев
12:00- 13:15Финал / тұрып/ 10 кмАлександр Герлиц
 9 наурыз, сәрсенбі  
 ПАРА ШАҢҒЫ 
Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00-11:50Квалификация / отырып /  спринтСергей Усольцев
 Ербол Хамитов
Денис Петренко

Юрий Березин

Квалификация / тұрып/ спринтАлександр Герлиц
12:00-15:00Полуфинал/ Финал / спринт / отырып / тұрып Сергей Усольцев
 Ербол Хамитов
Денис Петренко

Юрий Березин

Александр Герлиц

11 наурыз, жұма

БИАТЛОН

Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00-11:30Финал / отырып /  12,5 кмСергей Усольцев
12:30- 14:00Финал / тұрып/ 12,5 кмАлександр Герлиц
12 наурыз, сенбі

ПАРА ШАҢҒЫ

Уақыты ДисциплинаСпортшы
10:00-11:15Финал / тұрып/ 10 кмАлександр Герлиц
14:00- 15:15Финал / отырып /7,5 кмСергей Усольцев
 Ербол Хамитов
Денис Петренко

Юрий Березин

13 наурыз, жексенбі

ПАРА ШАҢҒЫ

Уақыты ДисциплинаСпортшы
12:00-13:30Финал / эстафета 

4 * 2,5 км

Александр Герлиц
Сергей Усольцев
 Ербол Хамитов
Денис Петренко

Юрий Березин