Танымал вайнер Мейіржан қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды

Dalanews 10 ақп. 2022 06:40 264

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды деп жазады журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында. Алайда, артынша кепілмен үшеуін де босатқан.

Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

– Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған, – деп жазды М.Козачков.


Еске салайық, бұған дейін аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x