«Харекет» қорынан текелілік тағы бір отбасы үй алды

Dalanews 09 ақп. 2022 06:52 146

Бірнеше жыл пәтер кезегінде тұрып, баспаналы болуды армандаған Ахметовтар отбасы күні кеше жаңа қоныс иесі атанды. Отағасы Асқар Ахметов Текелі қаласында 1979 жылдан бері тұрып келеді. 2020 жылға дейін қоғамдық жұмыста қызмет еткен. Бүгінгі таңда денсаулығына байланысты мүгедектік алған.
«Жаңа жылда жаңа бапанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Баспаналы болу – басты арманымыз болатын. Харекет қоры жайлы бір жыл бұрын таныстарымнан естіп, әлеуметтік желі арқылы қайырымдылық қорынының парақшасына өз өтінішімді жеткіздім. Біздің жағдайымызды ескеріп, пәтер сыйлаған «Харекет» қорына айтар Алғысымыз шексіз»,- дейді отанасы Жанар Байзақова.
2005 жылы шаңырақ көтерген Ахметовтар отбасы бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отыр. Жанұяның ендігі арманы кіші ұлдары Алижанды аяқтандыру. «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» - демекші көпбалалы отбасына жайлылық пен қуаныш сыйлаған жандардың жомарттығы баршаға үлгі екені сөзсіз.

Ұлжан Ұлдаханқызы
Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x