Отандық телеарналар XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көрсетеді

Dalanews 03 ақп. 2022 14:16 158

Ертең сағат 18:00-де «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен бірге, телеарналар қысқы спорттың ең танымал жарыс түрлері бойынша трансляциялар ұсынады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеарналардың шығармашылық тобы Бейжіңдегі түсірілім жұмыстарын бастады. Топ құрамында Сочи Олимпиадасынан ақпарат таратқан танымал журналист Жандос Айтбай, «Хабар» телеарнасының журналисі Амир Сәменбетов, «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Қадырбек, операторлар Дәурен Жұрқабаев пен Есенбек Әкімбай бар.

Қысқы Олимпиададан отандық арналар 220-дан астам трансляция ұсынады. «Хабар» және «Elarna» 90-нан астам, «Qazaqstan» және «Qazsport» 130 трансляция көрсетеді.

Жарыстарды тәжірибелі комментаторлар Аян Күшбаев, Рауан Оқас, Евгений Акманов, Ербол Каиров, Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова және Индира Бектенова жүргізеді.

Телеарналар әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиада күнделіктерін ұсынады.

Телеэфирден бөлек, Олимпиада ойындарының телевизиялық трансляциялары арналардың ресми сайты, мобильді қосымшасы және youtube-арналарынан көрсетіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x