«WhatsApp-та жалған ақпарат тарап жатыр». Ешқандай өрт тіркелмеген

Dalanews 02 ақп. 2022 15:40 181

«Ірі дала өрті тіркелді» деген желеумен What’sapp мессенджерінде тарап жатқан  бейне және фотоматериалдар шындыққа сәйкес келмейді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл қазіргі сәтте ел аумағында ірі дала өрті тіркелген жоқ.

Бұл жөнінде ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Ал таралып жатқан бейнежазбадағы оқиға 2021 жылы Алматы облысы Балқаш ауданында болған.

ҚР ТЖМ ресми өкілі көпшіліктен жалған ақпарат таратып, қоғамды дүрліктірмеулеріңізді сұраймыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x