«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезінің күн тәртібі бекітілді

Dalanews 27 қаң. 2022 13:01 288

«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI Съезінің келесі күн тәртібі бекітілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

  1. Партия Төрағасын сайлау туралы;

  2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

  3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.


Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді.

«Nur Otan»-ның өңірлік саяси кеңестері отырыстарының қорытындысы бойынша (Жарғының 8.3.1. тармағына сәйкес) партияның 28 қаңтардағы кезектен тыс XXI Съезіне 399 делегат сайланды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x