Танымал кәсіпкер Тоқаевты Nur Otan-ның құрамынан шығуға шақырды

Dalanews 27 қаң. 2022 11:29 251

Миллиардер Марғұлан Сейсембай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының құрамынан шығуға шақырды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Меніңше, Тоқаевтың кең қоғамдық қолдауы жоқ партия құрамынан шығып, өзін бір ғана партияның мүддесі үшін қызмет ететін төраға емес, бүкіл Қазақстанның Президенті деп жариялағаны дұрыс болар еді. Осылайша, ол ел үшін барлық партиялардың маңызы бірдей екенін білдірер еді", - дейді кәсіпкер.

Оның пікірінше, бұл қоғам үшін қарым-қатынастардың қайта жандануы, саяси жаңғырудың басталуы және Нұр Отан партиясы саяси монополиясының аяқталуының айқын белгісі болар еді. Бұл қоғамдық оптимизмге күшті серпін беріп, жарқын болашаққа деген үміттің артуына себеп болмақ.

«Президент Тоқаев дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін», - деп әлеуметтік желі арқылы пікір білдірді ол.

Айта кетелік, ертең Нұр Отан партиясының ХХI съезі өтеді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - партия төрағасын қайта сайлау. Кейбір дерек көздерінше, партия төрағасы болып Президент Тоқаев сайлануы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x