«Хабар» арнасы Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмін көрсетті

Dalanews 26 қаң. 2022 11:46 167

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Хабар» агенттігі қасіретті қаңтар оқиғасы туралы «Трагический январь. Как это было» атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімін өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кинокөрсетілім бір минут үнсіздікпен басталды. Іс-шара қатысушылары тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қанды оқиға құрбандарын еске алды. Алғашқы көрсетілім барысында сарапшылар фильм туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Кинотуынды 26 қаңтар күні сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

– Бұл өзім үшін өте маңызды әрі өте қажет фильм. Өйткені туынды аралық нәтижелерді көрсетіп берді. Мен Алматыда болған оқиғаларды өз көзіммен көрдім, қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні алаңда болдым. Фильмнің оқиғаның «қалай болғанын» емес, «неге болғанын» ашатын екінші бөлімін күтемін. Менің ойымша, оқиғалар желісін халыққа егжей-тегжейлі баяндаған «Хабар» Агенттігі қаңтардың басында біздің елде болған қайғылы оқиғаның шынайы тарихын көруге мүмкіндік бере алды, – деді журналист Денис Кривошеев.


«Фильм бізге ресми жаңалықтардың негізді екенін аңғартады. Оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетеді. Туынды Алматы және басқа қалаларда орын алған жағдай туралы алғашқы күндері алған ақпараттың растығын дәлелдейді» деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас  сарапшысы Никита Шаталов.

Айтулы туынды оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен аяқталуы туралы баяндайтын деректі кадрлардың үзінділерінен тұрады. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін деректі фильмінің сюжеттік желісі оқиғаларының толық хронологиясына негізделген. Фильм қаңтар оқиғасының бір тізбек арқылы байланысқан, бір орталықтан үйлестірілген террористердің әрекеті екенін аңғартады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x