Kaspi.kz «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударды

Dalanews 15 қаң. 2022 11:04 306

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Осы қорға Kaspi.kz және компанияның негізгі қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 млрд теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады.


Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x