Смайылов Үкіметі Өскемен және Шүлбі ГЭС-ін сатудан бас тартты

Dalanews 13 қаң. 2022 14:04 269

Осыған дейін Асқар Мамин Үкіметі Шығыс Қазақстан облысындағы маңызды эенрегтеикалық нысандарды Біріккен Араб Әмірліктеріне сатпақ болған еді. Бүгін осы келсімнен жаңа Үкімет бас тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нақытарақ айтсақ, бүгін Үкімет «ҚР Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінен кері қайтарып алған.

10 қаңтарда Премьер-министрдің міндетін атқарушы болған Әлихан Смайылов қол қойған Үкіметтің тиісті қаулысы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Осы Келісім тармақтарының бірінде былай делінген: «Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС (бұдан әрі – ШГЭС) және "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызына дейін Абу-Даби инвесторлары мен қазақстандық инвесторлар консорциумына тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға ниетті екенін мойындайды.

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин өткен жылдың қазан айында БАӘ-ге іс-сапармен барды. Сол кезде осы Келісімге қол қойылған.


"Тараптар екі тараптың келісімі бойынша Қазақстан Республикасында электр энергетикасы, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика салаларындағы және өзге де салалардағы жобаларды (бұдан әрі – стратегиялық инвестициялық жобалар) іске асыруға ниетті", – делінген келісім мәтінінде.

Бұған дейін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан БАӘ инвесторларына Шүлбі және Өскемен ГЭС акцияларының 74,99%-ын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Шүлбі ГЭС-інің белгіленген қуаты – 702 МВт, Өскемен ГЭС-інің қуаты – 367,8 МВт. Екі станция да Ертіс ГЭС каскадының құрамына кіреді. Шүлбі қуаты бойынша Қазақстандағы ең ірі ГЭС екенін айта кетейік.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x