Асхат Аймағамбетов: «Қоғамдық тәртіпті сақтап қаза болғандардың балалары ЖОО-да тегін оқиды»

Dalanews 13 қаң. 2022 09:16 291

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқитынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте тегін оқиды.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және  арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру  ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады, – дейді министр.


Оның айтуынша, гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді.

– Олар оқу бітірген соң негізгі тұратын жер бойынша жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандыққа басымдық беру тапсырмасы негізінде осы саладағы грант саны 60%-ға көбейеді, – дейді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x