Қысылтаяң шақта бірлік керек

Dalanews 12 қаң. 2022 05:07 183

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін ана ретінде, жас ғалым және Қазақстанның азаматы ретінде асыға күткен адамдардың бірі өзім едім.

Еліміздің басына қатер төнген уақытта Президентіміз лаңкестер мен бандалық құрылымдардан мемлекетімізді босату үшін Ұжымдық келсім шарты ұйымы  әскерлерін шақырғанын өз басым өте дұрыс шешім деп қабылдадым.

Ұжымдық келсім шарты ұйымы әскерлері еліміздегі әлеуметтік маңыздылығы жоғары нысандарды қорғау арқылы үйде отырған Қазақстан азаматтарына, ауруханалар, балалар мен қариялар үйлеріне дер кезінде жылу мен су, электр энергиясын сақтап қалуға мүмкіндік берді және Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік гвардиямыздың жұмысын алаңдамай атқаруына мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы көрші елдермен достастығымызды орынды қолдана білді.  Мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалуға бар күші мен білімін салып жатқан Президентіміздің әрбір шешімі дұрыс деп санаймын және қолдаймын. Еліміздің ең басты игілігі – тәуелсіздігіміз. Осы тәуелсіздігімізді жоғалтып алмау үшін барша қазақстандықтарды бірлікке шақырамын.

Аида ҚЫСТАУБАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының меңгерушісі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x