ШҚО-да барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын штаттық режимде қайта бастады.

Dalanews 11 қаң. 2022 02:45 190

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, ХҚКО қызметкерлері таңертеңнен бастап облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсете бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін облыстың қалалары мен аудандарында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Алайда Өскемен мен Семейдегі мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта бастаған жоқ.

– Өкінішке орай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа да міндеттерді орындауға қайта бағдарланғандықтан, біз сондай-ақ автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсете алмаймыз. Қандай да бір іркілістер туындаған жағдайда жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бірлесе отырып, біз барлық қиындықтарды жеңіп, елімізді даму мен өркендеу жолына қайтаратынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Азамат Есембулов.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x