Бүлікшілер ел бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасаған

Dalanews 11 қаң. 2022 02:25 214

Тонаушылар Қазақстан бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесін қиратқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зақымданған Kaspi.kz бөлімшелері уақытша жабылған.

– Полиция бүлінген ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрады. Ол жерден саусақ іздері алынып, оқиға орны тексеріледі. Сондықтан бүлінген құрылғыларды әлі алған жоқпыз. Тергеу аяқталғаннан кейін бірден жөндеу жұмыстарын бастаймыз, – делінген банк хабарламасында.

Бұл ретте банк қанша банкомат бүлінгенін нақты айта алмады. Қазақстан бойынша 1 990 банкомат бар, оның 1 435-іне байланыс бар.

– 435 банкоматты адамдар қолданып, қолма-қол ақша ала алады. Қалған 555 банкомат жабық ғиамарт ішінде, әлі ашылмаған бөлімшелерде тұрған банкоматтар. Сондықтан, олар әзірше есепке алынбаған. Қазіргі мақсат техникалық және физикалық мүмкіндігі бар банкоматтарды толтыру. Бұл - маңызды, – деді банк өкілі.

10 қаңтарда интернет желісі іске қосылған, инкассация жұмысына кедергі жоқ жекелеген қалаларда Kaspi.kz бөлімшелері ашылды. Барлығы 10 қалада 22 бөлімше жұмыс жасап тұр:

Нұр-Сұлтан – 4,

Көкшетау – 1,

Петропавл – 2,

Орал – 2,

Құлсары – 2,

Қостанай – 3,

Қарағанды – 3,

Жезказған – 2,

Сәтбаев – 1,

Атырау – 3.

Бөлімшелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ондағы ақша айырбастау орындары уақытша жабық. Алматыда жағдай тұрақталғанға дейін бөлімшелер жабық болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x