Сағынтаевқа бүлікшілер шабуыл жасады

Dalanews 10 қаң. 2022 03:24 270

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады. Оқиға 6 қаңтар күні болды. Сонымен қатар Е.Бабақұмаровтың айтуынша, Алматы әкімі бұл туралы Telegram-каналдардың біріне берген сұхбатында айтқан.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев өз қызметін атқаруды жалғастыруда.

8 қаңтар күні ол қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бүгін Алматы басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің халін сұрап, орталық клиникалық ауруханаға барды. Алматыда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген.

Қалада терроризмге қарсы шаралар жалғасуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x