Елімізде "омикрон-штаммға" байланысты 5 қаңтардан бастап шектеу енгізілмек

Dalanews 28 желт. 2021 06:27 194

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жандос Бүркітбаев эпиджағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі әлемде "омикрон-штамм" нұсқасының таралуының жоғары қарқыны екенін айтты.

“30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың "омикрон-штаммы" 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. "Омикрон" штаммының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ, штаммды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады”, – ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x