Ержан Бабақұмаров жетім-жесірлерге көмек көрсетудің мәселелерін талқылады

Dalanews 24 желт. 2021 03:48 239

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында жетімдік және қамқоршылықтың алдын алудың өзекті мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комиссия жұмысына әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау және білім беру органдарының өкілдері, сондай-ақ дағдарыс орталықтары одағының басшысы З. Байсақова қатысты. Комиссия жұмысы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Кездесуде қолдау шараларын көрсету, соның ішінде балаларға арналған құжаттарды ресімдеу, балабақшаларға кезекке қою, балалар мен ата-аналарды медициналық тексеруден өткізу мәселелері талқыланды. Ержан Бабақұмаров атап өткендей, жетімдіктің маңызды алдын алу шарасы ата-аналарды әлеуметтендіру болып табылады.

Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров соңғы екі жылдағы «Үміт» үйіне жүгінудің барлық жағдайларына талдау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған аналар мен әкелерді жұмысқа орналастыру және белсенді қоғамдық өмірге тарту бойынша алдын алу шараларының пакетін әзірлеу тапсырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x