Арыс қаласында Қонаевтың бюсті орнатылды

Dalanews 09 желт. 2021 07:56 160

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, зиялы қауым өкілдері және қайраткердің інісі Дияр Қонаев қатысты.

Жиында қала әкімі атпал азаматтың Арыс қаласына сіңірген еңбегіне тоқталды.

– Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 31 шілдедегі Жарлығымен Арыс - қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. Мінекей, тура 65 жыл бұрын осы Жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе, – деді Гүлжан Мамытқызы.



Айта кетейік, ұлт мақтанышының бейнесі айшықталған мүсінді Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x