ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті

Dalanews 06 желт. 2021 18:18 275

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарасы күрес қызметі бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарасы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, форум ұйымдастарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Форум жұмысына ШҚО әкімнің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет, әкімдік қызметкерлері, ЖОО ректорлары, қоғам белсенділері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев өзінің кіріспе сөзінде облыс басшысы Даниал Ахметовтың форум жұмысына қатысушыларға арналған құттықтауын оқуып берді.

Облыс басшысы құттықтау хатында сала қызметкерлерін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнімен құттықтап, олардың жұмысына табыс тілепті.

Даниал Ахметов құттықтау хатында қазіргі таңда әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басым бағытқа айналдырып, халықпен тығыз жұмыс істеп жатқанын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әрекеттердің болдырмауға, бюджет қаражаттарын бөлуді ашықтықты қалыптастырып, жұмыс үрдістеріне сыбайлас жемқорлыққа қарасы стандарттарды енгізіп жатқандарын атап өтіпті.  


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарасы күрес саласында маңызды реформалар қолға алынып, жемқорлықпен күресудің қазақстандық модельі қалаптасқаны белгілі.

– Кез келген реформаның жемісті болғанын қарапайым халықтың мәселесін шешіп, мәселесін реттегенімен өлшенуі тиіс. Сол себепті біздің қызметкерлер ел азаматтарының сыбайлас жемқорлықтан жапа шекпеуі үшін бар күш-жігерін жұмысап жұмыс істеуде, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

Форум барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін күресіп жүрген түрлі сала мамандары арасында байқау ұйымдастырылып, олардың еңбегін бағалап, марапаттады.

Осы ретте сыбайлас жемқорлақпен күресіп жүрген журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталып, сый-сияпатқа ие болғанын айта кетуіміз керек. Форум соңында «Адал бол, адам бол!» деген ұранмен флеш-моб ұйымдастырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x