Түркістанда Әлібек Дінішевтің шығармашылық кеші өтті

Dalanews 06 желт. 2021 06:48 158

Түркістан қаласы мәдениет пен руханияттың орталығына айналып келеді. Соның дәлеліндей, 5 желтоқсанда Түркістандағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көңілді сергітіп, ән әлеміне жетелеген өнер кешінде әнші қазақ және әлем композиторларының классикалық әндерін шырқады. Атап айтсақ, халық әндерімен қатар Абай Құнанбайұлы, Жаяу Мұса, Төлеген Мұхамеджановтың шығармалары орындалды. Сонымен бірге Матвей Блантер, Арно Бабаджанян және өзге де аса дарынды өнер иелерінің әуендерінен шашу шашты.

Биыл мерейлі 70 жасқа толған Әлібек Дінішев – қазақ ән өнерін әлемдік деңгейде танытқан тұлғалардың бірі. Мерейтой иесі Түркістандағы оң өзгерістерге жоғары бағасын беріп, өнер кешіне арнайы келген әнсүйер қауымға ризашылығын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x