Қырғыздың оппозициялық саясаткері соққыға жығылды

Dalanews 02 желт. 2021 03:36 156

Бішкекте «Ата Мекен» оппозициялық партиясының лидері Өмірбек Текебаевқа шабуыл жасалды. Оның сөзінше, оқиға түс ауа қонақ үй ресторанында болған.

70-тей адам келіп саясаткерге «Тыныштықты неге бұзып жүрсіздер? ОСК маңында неге митингіге шығып жүрсіңіздер?» деп қоқан-лоқы жасаған. Текебаев оларға бірдеңе дегенше оны ұрып жіберген. «Сыртқа шық, көлікке отырығызып бір жаққа алып кетіп, сөйлесеміз» депті. Әлгі топты басшысы «сайлау бітті, сендер жеңілдіңдер, біз жеңдік, мойындаңдар, жастарға жол беріңдер» деді.

Кейін жұрт жинала бастаған соң шабуылдағандар қашып кеткен.

2-3 адам ғана саясаткерге қол көтерген. Ал қалғандары оларға еріп келіпті. Оқиға орнына таяу маңда полиция жүрсе де, келіп саясаткерге ара түспеген.  Текебаев тәртіп сақшылары тек 10-15 минуттан кейін келгенін айтты.


Саясаткер шабуылды саяси ісімен байланыстырып, оқиғаны «саяси террор» деп атады. Facebook қолданушысы Erlan Bekchoroevich оқиғадан үзінді жариялады.

Текебаев ішкі істер бөлімшесіне арыз жазатынын, оқиға орнында болған милицияларды, куәгерлерді, зардап шеккендерден жауап алуды талап ететінін айтты. Өмірбек Текебаев «Ата Мекен» партиясының лидері, парламентке алты рет депутат болып сайланған. 2005-2006 жылдары спикер болған. 28 қарашада өткен сайлауда партия тізімін бастап тұрған еді. Алдын ала нәтиже бойынша «Ата Мекен» партиясы 4 пайыз дауыс жинап, парламентке өтпей қалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x