Өзбекстан жеңіл бронды әскери Qalqon, Tarlon автокөліктерін шығаруда

Dalanews 24 қар. 2021 04:00 297

Өзбекстан жеңіл бронды Qalqon ("Қалқан") автокөліктерін шығара бастады, деп хабарлады Өзбекстанның Қорғаныс өнеркәсібі мемлекеттік комитеті.

Министрліктің тартақан мәліметтеріне қарағанда, автокөлікті өзбек мамандары ойлап тапқан.

«Автомобиль құқық қорғау органдары мен басқа да тиісті органдардың сынақтарынан өтті» делінген комитет хабарламасында.

Сарапшылардың айтуынша, жеңіл бронды жүк тасығыш Қарулы күштер мен халықаралық стандарттарға сай келеді.

Биыл 20 мамырда Қорғаны өнеркәсібі мемлекеттік комитеті Өзбекстан әскери мақсатта қолданылатын жеңіл бронды Tarlon автокөліктерін сынап жатқанын хабарлаған.

2021 жылғы ақпанда Qalqon мен Tarlon бронды көліктері Нұрафшандағы жаңа зауытта шығарылатыны мәлім болды.

Құны 55 миллион доллар болатын жоба президент Шавкат Мирзияевке 11 қаңтарда таныстырылды.

Өзбекстан Ұлттық банкі жобаға 39 миллион доллар бөлсе, Nurafshon-Maxsus-Texnika компаниясы 16 миллион доллар берген.

Жаңа зауыт алғашқы жылы жүз Qalqon мен жүз Tarlon шығарады деп жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x