Cоңғы жаңалықтар
Back

Дипломаттар? Олар ең алдымен мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР СІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық дипломатияның жаңа бейнесін қалыптастыру қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Біздің дипломатиялық қызметіміз жақсы сілкіністі қажет етеді. Сыртқы істер министрлігінен білікті мамандардың кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретеді, күрделі сын-тегеурінге айналуда, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол СІМ ең консервативті құрылымдардың бірі екенін жақсы білетінін атап өтті. Мұның оң және теріс жақтары бар деп ойлайтынын айтты.

Бір жағынан, дәстүрді сақтау, кәсіби дипломаттардың тар тобын қалыптастыру тұрғысынан жағымды жағы бар. Екінші жағынан, өз еліне қызмет еткісі келетін көптеген білімді, ақылды жастар осы министрлікке жұмысқа орналасу кезінде шешілмейтін кедергілерге тап болады. Бұл жағдайды түзету қажет. Уақыт кадр саясатында түбегейлі өзгерістерді талап етеді, – деп қосты президент.

Оның көзқарасы бойынша, дипломатиялық қызметке, ең алдымен, білімді, ашық, отансүйгіш кәсіпқойлар қажет.

Тоқаев Қазақстанның атынан шетелдерде өкілдік ететін дипломаттар тек шет тілдерін ғана емес, ең алдымен мемлекеттік тілді де меңгеруі тиіс екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз:

Көпшілік көпбалалы анаға құны 12 млн теңгенің үйін салып берді