Бекшин «ковид балалар үшін қауіпсіз» деген пікірдің қате екенін ескертті

Dalanews 18 қар. 2021 10:21 202

Дерт жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы екпе алмағандар құрағанын бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жандарбек Бекшин мегаполистің «сары» аймақта 24 қазан мен 14 қараша аралығында болғанын еске салды. Сонымен қатар, ол Алматының «жасыл» аймаққа көшкенін атап өтті, себебі қала тұрғындары да, ұйымдар да карантиндік шектеулерді сақтады.

Жалпы, мегаполисте коронавирус ахуалының тұрақтануы жалғасуда: апта ішінде 936 жаңа инфекция тіркелді, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны – 128. Жалпы, өткен аптада дерт жұқтырғандарды үлесіі – 82%, бұлар вакциналанбаған азаматтар.

– Бұған қолданыстағы шектеу шаралары мен халықты вакциналау деңгейін 48%-ға жеткізу арқасында қолжетті. Бізде апталық жұқтыру азайды, бірақ оны нақтылау үшін 22 қарашаға дейін «сары» аймақ талаптарын сақтау қажет, – деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, дерттің оптимистік көрсеткіштерге қарамастан, ковид балалар үшін қауіпсіз деген қате пікір. Жандарбек Бекшин нақты статистиканы келтірді: қаланың инфекциялық стационарларында 673 адам, оның ішінде 17 бала бар.

– Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа «Дельта» нұсқа балалар үшін өте қауіпті  әрі тез жұғады, егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері жұқтырғандар саны 15 039, – деді Алматы СЭБД басшысы.


Эпидемиологтар вакциналанбаған алматылықтардың қанша жастағылары жиі жұқтыратынын талдады: 20-дан 39-ға дейін – 29%, шамамен 40-тан 59-ға дейін-27%, 60 және одан жоғары – 26%.

Жұқтырғандардың ішінде ең көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар – 28%, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21%. Бір апта ішінде жұқтырғандардың жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ды, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%-ды, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ды құрайды.

Жандарбек Бекшин уақыт өте келе антиденелердің концентрациясы төмендейтінін, яғни вакциналардың алғашқы дозаларын алғаннан кейін 6 немесе 9 ай өткен соң КВИ-ға қарсы ревакциналану қажет екенін еске салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x