Заңсыз құрылыс жүргізгендерге айыппұл салынды

Dalanews 15 қар. 2021 04:46 266

Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен заң талаптарын сақтамай салынған (салынып жатқан) барлығы – 139 құрылыс нысандарына тексеру жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 206 хаттама толтырылған. Жалпы салынған 47 892 765 теңге айыппұлдың бүгінгі күнге 66 пайызы өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,7 есе өсіп отыр. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылаған басқарма басшысының орынбасары Сапарғали Салдаров мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сапарғали Салдаровтың айтуынша, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар 100% электронды форматта.

– Ағымдағы жылғы III-тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс саласында басқарма тарапынан барлығы 749 өтініш қабылданған. Оның ішінде лицензия бойынша 270 өтініш тіркеліп, 92-і қанағаттандырылды. Аттестаттау бойынша 479 өтініш тіркеліп, оның 262-сі аттестатталды.  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды акредиттеу бойынша 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды, – деді Сапарғали Бауыржанұлы.

Түркістан облысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 542 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 254-і – бюджет қаражаты есебінен, 275-і – жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен, 13-і – инвестициялық қаржы есебінен салынуда.

Құрылыс нысандарын жобалау алдындағы iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау барысында құрылыс нормативтерінiң талаптарын бұзғаны үшін 2-жобалаушы, 11-мердігер мекемеге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312 бабымен 100-700 АЕК аралығында айыппұл салынған. Сондай-ақ, 10 техникалық қадағалаушы тұлғаға техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік шаралар көрілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x