Алматы қаласында 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен емізулі аналар Pfizer екпесін алды

Dalanews 14 қар. 2021 07:36 262

Алматыда 12 қарашадан бастап COVID-19 вирусына қарсы Pfizer екпесін салу басталды. Қала бойынша 300-ден астам жасөспірім, жүкті әйелдер мен емізулі аналарт Comirnaty Pfizer / BioNTech екпесімен егілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ең алдымен мектеп оқушылары, колледж студенттері, жүкті және бала емізетін аналар екпе алды. Алматы қаласының тұрғыны Вероника Букша Алматыдағы N4 қалалық емханаға қаралған, осыдан 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелген. Вероника бүгін екпені бірінші болып алды.

– Мен бала емізетін анамын, сондықтан баламды, өзімді, отбасымды мүмкіндігінше қорғағым келеді, емханадан медицина қызметкерлері шақырып, алғашқылардың бірі болып Pfizer екпесін алдым, мен өте қуаныштымын. Себебі мен осы күнді күткен едім, – дейді Вероника.

Алматы қаласының тұрғыны Қарлығаш Алтаева Pfizer вакцинасын көптен бері күтіп жүргенін де жасармай айтты.

– Мен бұл вакцинаны көптен бері күтіп жүрмін, ол жүкті әйелдерге жасалады. Pfizer екпесіе келгені белгілі болғаннан кейін олар мені шақырды, бірінші компонентті алдым. Өткен жылы мен COVID-19 ауруымен ауырдым және оның қаншалықты қиын екенін білемін. Менің айналамның бәрі вакцинация алғандар, – дейді Қарлығаш Алтаева.


Ал №4 Қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Мадьярова:

– Соңғы екі аптада емханада Pfizer екпесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №4 емхана 12 мен 17 жас аралығындағы 4540 бала оқитын 10 мектепке қызмет көрсетеді. Ертең біздің дәрігерлер, яғни эпидемиологтар, салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мектеп оқушыларының ата-аналарына онлайн семинарлар өткізеді. Бүгінде бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, колледж студенттері, жоғары оқу орындары, сонымен қатар студенттер екпе алды. Бүгінгі таңда екпеге 40 бала емізетін анадан, 29 жүкті әйелдерден, 38 мектеп оқушыларының ата-аналарынан келісім алынды, – деп айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x