ШҚО еліміздегі медициналық кластрдың орталығына айналып келеді

Dalanews 12 қар. 2021 11:23 242

Өскеменде гематологиялық орталықтың құрылысы жалғасуда. Онда емдеу және диагностикалау үшін жасушалық және гендік-инженерлік технологиялар пайдаланылатын болады. БҰЛ жайында ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, ауруханаларды жабдықтау және жоғары технологиялық стандарттарға сай заманауи орталықтарды ашу бойынша кешенді жұмыс бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Даниал Ахметов, соңғы бес жылда үш мыңнан астам техника мен заманауи жабдық сатып алынғанын мәлімдеді. Жедел жәрдем паркі 216 көлікке көбейген.

Биылғы жылы Семейде ядролық медицина және онкология орталығының ашылуы медицана саласында үлкен жаңалық болды. Онда елдегі алғашқы  Радионуклидтік терапия бөлімшесінің базасында 120 пациент емделіп, 380 науқас диагностикалық зерттеулерден өтті.


Аягөз бен Алтайда ашылған инсульт орталықтары облыстық ауруханаларға бармай-ақ, жергілікті жерлерде дер кезінде уақытты үнемдеу арқылы білікті мамандардың көмегіне жүгінуге мүмкіндікберетін медициналық мекеме.

– Біздің дәрігерлер шетел клиникаларында онкология, кардиология және кардиохирургия, инсульт орталықтары, нейрохирургия, медициналық оңалту, акушерлік және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша білім алуда, – деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы атап өткендей, биыл Ресей, Израиль және Польшаның жетекші ауруханаларына 60 маман біліктілігін арттыруға аттанды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x