Программист Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Dalanews 11 қар. 2021 11:28 276

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz  АШМ сайтына сілтеме жасап.

Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

2008-2016 жж. – «ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды.

2017-2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x