Инстаграм мен Фейсбукты қолданбауға қолхат беруде

Dalanews 10 қар. 2021 04:32 288

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі Түркімен мемлекеттік мәдениет институтының оқытушылары жергілікті биліктің өкілдеріне әлеуметтік желіні, оның ішінде Инстаграм мен Фейсбукты қолданбауға қолхат беріп жатқанын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, басқа оқу орындарында да осындай жағдай орын алған.

Қолхатта оқытушылар IMO мессенжерін де қолданбауға міндеттеме алған.

«IMO мессенжері арқылы СМС хабар ғана жіберуге болады. Сурет және видео жіберуге тыйым салынады» деді ашғабадтық тұрғындардың бірі.


Оқытушыларға тек электрондық пошталарды қолдануға ғана рұқсат берілген.

Түркіменстанда соңғы күндері әлеуметтік желіге бақылау күшейтіліп, интернетке шектеу енгізілді. Өлкеде Facebook, Instagram, Twitter бұғатталған. Оларға тек VPN серверлердің көмегімен ғана кіруге болады. Билік VPN серверлерді қолданғандарды және оны азаматтарға орнатып бергендерді қуғындап жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x