Back

Көлігіне жалған нөмір таққан полиция бастығы жұмысынан қуылды

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында полиция бөлімінің бастығы Қайрат Әбдіқалықов жалған нөмірі бар жұмыс көлігін пайдаланып, бейне бақалауға түсіп қалғаннан кейін отставкаға кетті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған фактіге қатысты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Ведомствода хабарлағандай, ҚР ІІМ-де полицияны реформалау аясында басты басымдық белгіленген. Ол – жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау.

– Youtube-те жарияланған видео бойынша Қостанай облысының ПД Сарыкөл ауданының полиция бөлімінің бастығы Қайрат Әбдіхалықовтың заңсыз әрекеті туралы қызметтік тергеу жүргізілді. Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Сарыкөл аудандық ПБ полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапқа тартылды, – деп хабарлады полиция агенттік тілшісіне. Сонымен қатар, жүргізушіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасына жолданған.

«Осыдан кейін Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіхалықов қызметінен босату туралы баянат жазды» деп толықтырды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

Nur Otan 6 мың түйінді мәселені партиялық бақылауға алды

Меркель Путиннен көмек сұрады

Депутат: «Талқылағанымызға 10 жылдан асты, нақты іс жоқ»