Медиамектеп жұмысын бастады

Dalanews 09 қар. 2021 06:34 263

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 4 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна және 4 радионы біріктірген БАҚ саласындағы ең ірі медиақұрылым «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизия және радио саласының мамандарын даярлауды қолға алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іріктеуге еліміздегі ЖОО-ның журналистика, медиатехнология, кино және телевизия факультетінің студенттерінен 103 өтінім келіп түсті. Оның ішінен 35 студент таңдалды.

– Медиамектеп студенттерге білім алып, тәжірибе шыңдап қана қоймай, болашақта өзінің қызмет атқаратын нақты бағытын айқындауға мүмкіндік береді, – деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.


Қатысушылар алты ай бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз негізде білім алады.

Медиамектептің ең үздік қатысушылары алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясында бастауға мүмкіндік алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x