ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жастарына арналған тренинг өтті

Dalanews 01 қар. 2021 17:21 205

Тәжірибелік семинар-тренинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне интеркультурализм қағидалары, киберкеңістіктегі қауіпсіздіктің психологиялық аспектілері туралы айтылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тренинг жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігінің төрағасы Альберт Рау, этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар өкілдері қатысты.

Қатысушылар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ этносаралық қатынастарды дамыту ісіндегі бірлескен жұмыстың жобалары, мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтты.

Іс-шарада этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудегі қоғамның драйвері – Қазақстан жастары болып табылатыны атап өтілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x