Түркістанда халықаралық «Ámen» анимациялық фильмдер кинофестивалі басталды

Dalanews 29 қаз. 2021 14:17 202

Түркістанда халықаралық «AMEN» анимациялық фильмдер кинофестивалі басталды. Бұл дәстүрлі шара қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың құрметіне арналған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальде Түркі елдерінің үздік анимациялық фильмдерінің көрсетілімі өтуде. Сонымен қатар, шетелдік озық мультипликаторлардың мастер-кластары мен тренингтерін өткізіледі. Мәдени шара аясында Қазақстанның үздік анимациялық киностудияларының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Түркі елдері кино өнерінің бүгіні мен ертеңіне арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Халықаралық деңгейдегі шараға «Ну, погоди», «Мулан», «Король лев» сынды танымал жобаларға қатысқан суретші аниматор Александр Дорогов, Түркиялық продюсер Мусаб Гүндүз және отандық танымал анимациялық фильмдердің сценарий авторы әрі режиссері Батырхан Дәуренбековтер қазылық етеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x