Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау маңызды

Dalanews 29 қаз. 2021 13:24 246

Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлердің 60-тан астам ҮЕҰ өкілдері ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің қатысуымен кезекті жоспарлы арнайы алаң ұйымдастырды.

Қызу пікірталас барысында ауылдық ҮЕҰ дамыту бойынша өз ұсыныстарын Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенова, «Жайдарлы» ҮЕҰ төрайымы Илашова Набия, Жәнібек ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев және басқалар білдірді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін демпингті жою, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына қатысу үшін ҮЕҰ-ға өңірлік шектеулер белгілеу, өңірлік гранттық жобалардың болмауы, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс санының жеткіліксіздігі туралы мәселелер көтерілді.

Айта кетейік, барлық ұсыныстар Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеу бөлігінде ескерілетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x