Back

TEDx форматындағы кездесуде білім берудегі өзекті мәселелер сөз болды

22 қазан «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET категориясы)» жобасы аясында TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шараның спикерлері ретінде «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Н.Жетпісбаев, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Президенттік кадр резервінің мүшесі С.Нурикимбаев, жас айтыскер ақын, 109 біріңғай байланыс орталығының директоры,блогер-журналист А.Қабдраш, шоумен және ЖС «Каусар» директоры А.Курумбаев, BUKAFILM командасының ненізін салушы, «Братишки» сериалының продюссері Б.Сулейменов қатысты.

Кездесу барысында спикерлер жастарға арналған мүмкіндіктер туралы, салауатты өмір салты мен әлеуметтік белсенділік туралы, жұмысқа орналасу және табысқа жету үшін қажетті дағдылар туралы, жас кәсіпкерлерді қолдау туралы, арт, PR және медиа-менеджмент туралы айтып, кино өнерін дамытудағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

“Jas Otan” ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев іс-шара «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру шараларын әзірлеу және іске асыру (NEET санаты) жобасы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Жобалық кеңсе аясында «Jas Otan» өңірлік филиалдарымен бірлесіп NEET санатындағы жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, құжаттарды ресімдеуге, жұмысқа орналасуға және оқуға көмек жүргізілуде.

Мақсатты аудитория үшін NEET жастарымен кеңейтілген жұмыс жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша консультациялар өткізілді. NEET санатындағы жастар арасында жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құжаттарды рәсімдеуге, жұмысқа орналастыруға, оқуға жәрдемдесу үшін 2 мыңға жуық белсенді жастар пулы құрылды. 

Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеялармен бөлісу мақсатында, Павлодар қаласы, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.