Шайбалы хоккейден Төтенше жағдайлар министрлігінің турнирі басталды

Dalanews 23 қаз. 2021 06:44 180

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» мұз айдынында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) шайбалы хоккейден ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогі басталды. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, елордалық ТЖ департаменті гарнизонының басшылығы мен жеке құрамы, жарысқа қатысушылар қатысты.

Турнирде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің, сондай-ақ ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары қатысып, бақтарын сынайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x