Back

Шығыста көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың баспана мәселесі оңтайлы шешілуде

Шығыс Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың кешенді бағдарламасы жемісті жүзеге асуда. Бірінші кезекте бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қатысты. Мұндай отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңызы зор.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз сөзінде салынып жатқан және пайдалануға берілген тұрғын үйлерді көбейту арқылы пәтер кезегінде тұрғандардың саны айтарлықтай азайғанын атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде 1000-нан астам аз қамтылған және көпбалалы аналар өз баспаналарының кілттерін алған. 2021 жылдың аяғына дейін бұл сан тағы 1125-ке артады.

Сандарды сөйлетсек – 74 көппәтерлі тұрғын үй және 204 бірқабатты үй пайдалануға берілді. Бұл 519 мың шаршы метр тұрғын үйге немесе 4900 пәтерге тең.

Осы ретте, маңызды жобалардың бірі – Семейдегі Қарағайлы шағын ауданы болды. Мұнда екі жүзден астам отбасы пәтер алған. Сондай-ақ, Өскеменде көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Аудандарда аз қамтылған аналар баспанадан бөлек, мал ұстауға, бау-бақша өсіруге және жерді мақсатына сай пайдалануға болатын жеке учаскелер алуда. 2022 жылға қарай бұл санаттағылардың баспана кезегін толықтай жою жоспарланып отыр.

 

Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы бірнеше қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік тұрғын үй қоры, бюджеттен тыс қаражат және демеушілер қолдауы. Қазіргі уақытта «Бақытты отбасы» жобасы аясында ипотекалық несиелендіру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, пандемияға қарамастан өткен жылы көпбалалы отбасыларға берілген тұрғын үй саны рекордтық көрсеткішке жетті. Десе де өңір билігі осымен тоқтап қалмақ емес. Кешенді бағдарлама жүзеге асырылғанға дейін жыл сайын 150-ге жуық отбасы баспаналы болғанын ескерсек, қазір бұл көрсеткіш 10 есеге өсіп отыр.

Сондықтан, осы қарқын ары қарай жалғасса, екі жыл ішінде өңірде тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген көпбалалы отбасы қалмайды деп сеніммен айтуға болады.

Бүгінде жұртшылық мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауда сезінуде. Сондықтан көпбалалы отбасылар саны жыл санап артып келеді. Бұл билікке, жан-жақты қолдау көрсетілетіндігіне деген сенімнің айқын көрінісі. Сонымен қатар көпбалалы аналар қоғамдық комиссия мүшелері де болып жатыр. Осылайша, олардың өздері құрылыс пен абаттандыруға қатысты жобаларға қатысуда.

 

Тағы оқыңыз:

Британдықтар ШҚО археологтарының «Ұлы дала алтыны» экспозициясы «сенсациялық оқиға» деп баға берді