Түркия Түркістандағы туризмді дамытуға қолдау көрсетеді

Dalanews 19 қаз. 2021 14:32 204

Түркістан облысының туризм басқармасы мен "Turkıstan Tourısm Center" ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Түркияның Ыстанбұл қаласында “ROAD SHOW ISTANBUL “WELCOME TO TURKISTAN-2021” өткізілген іс-шарасы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» аталуына және Ыстанбұл қаласымен іскерлік байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік индустриясы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру және "Заманауи Жібек жолы" жобасын таныстыру мен екі ел арасында туристік өнімдерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталған ісшараға, Түркітілдес елдерінің кеңесінің өкілі, Tүркияның туристік агенттіктер қауымдастығының (TURSAB) өкілі, қазақ консулдігі, Түркияның туризм саласындағы туроператорлар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x