Жамбыл Жабаевты әлем таныды

Dalanews 14 қаз. 2021 08:29 204

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында мемлекеттік тапсырыспен шыққан 10 томдық жинақ республикалық кітапханларға 30 мың данамен таратылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордадағы Ұлттық акажемиялық кітапханада өткен шарада айтты.

– Ұлы ақынның мерейтойы биыл жалпы республикалық жоспар бойынша жан-жақты іске асырылуда. Министрлік тарапынан жыл ішінде ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған әдеби кештер, тақырыптық экскурсиялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы және басқа да іс-шаралар өткізілуде. Жамбыл тұлғасын шетелде таныту бағытында да елеулі жұмыстар жүргізілуде. Биыл мамыр айында Беларусь, Әзірбайжан елдерінде «Жамбыл» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Маусым айында Канадада «Жамбыл тойы – жыр тойы» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстанда Жамбыл жылы жариялануына байланысты халықаралық қазақ-қырғыз айтысы өтіп, ел атынан қатысқан 8 ақынның ішінде Айбек Қалиев бас жүлдеге ие болды, – деген министр ақынның таңдамалы шығармалары қырғыз тіліне аударылып, кітаптың тұсаукесері өткенін еске салды.



Жақында ғана Түрксой халықарылық ұйымының ұйымдастыруымен Түркияда Жамбыл өлеңдері түрік тіліне аударылып, таныстырылған болатын. Ақын шығармашылығын ғылыми зерттеу бағытында «Жыр алыбы» және «Ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы тарих айнасында» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Жамбылға жаңаша көзқарас» атты мақалалар жинағы шығарылды.

Осындай игілікті істердің қатарында жалпы республикалық іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік тапсырыспен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмір жолына арналған 10 томдық кітаптың жарыққа шыққанын атап өтуге болады.

Бүгін көпілік оқырманға таныстырылғалы отырған бұл жинақ 30 мың басылып шығып, республика кітапханаларына таратылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x