«Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» курсы

Dalanews 15 қаз. 2021 12:19 243

 

2021 жылдың 11-15 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастырумен орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбында курс өтті. Курсқа Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Алматы қалаларынан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан мұғалімдер қатысты.

 

Курс спикері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Едильбай Оспанов мұғалімдерге ғылыми жоба әзірлеу, ғылыми жобаны жоспарлау, тақырып таңдау тақырыптарында бағыт берді. Курс соңында қатысушыларға сертификат берілді.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

  

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x