Алматыда бизнес-идеялар жинақтайтын орталық құрылады

Dalanews 13 қаз. 2021 16:40 181

Бүгін жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-инкубатор орналасатын ғимараттағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Жалпы ауданы 3 мың шаршы метр болатын Ходжанов көшесі, 2/2 ғимаратында кәсіпкерлерге арналған үй-жай дайындалуда. 430 жұмыс орнын құру жоспарлануда, – дейді Бақытжан Сағынтаев.

MOST IT Hub Almaty кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін біріктіріп, бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ.

Стартаперлер үшін идеядан венчурлік инвестицияларға дейінгі жобаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе құрылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x