Тоқаев экс-президентті Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

Dalanews 12 қаз. 2021 08:16 221

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

"Келесі құжат – бұл Данагөйлер кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті. Бүгін біз Данагөйлер кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз.

Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x