Түркістанның «Жасыл белдеуі» екі есе ұлғайды

Dalanews 08 қаз. 2021 14:34 273

Жасыл белдеу – Түркістанның «өкпесі». Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында осыдан 2019 жылы қала айналасынан 7700 гектар жерге жасыл желекті алқап құрылған болатын. Жасыл белдеудің жер телімдеріне қазіргі таңға 7700 гектар алқапқа 11,5 млн жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір жасыл белдеу аумағына 3020 гектар жер телімдеріне 9 млн дана сексеуіл көшеттері отырғызылып, 2500 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді.

Жалпы бүгінгі күнге дейін жасыл белдеудің аумағы сексеуіл ормандарын қоса есептегенде екі есе ұлғайып, 13 220 гектарға жетті. Орман алқабында 21 489 008 көшет өсіп-жетілуде.

Түркістан қаласы айналасының су тапшылығына байланысты отырғызылған ағаш көшеттерін суару бойынша, жаңа әуежай жолының бойы 268 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63 % ұңғымалардан, 25% каналдармен, 12% насостар арқылы суарылуда.

Орман алқабында отырғызылған мәдени екпелердің көнімділігі мен өсу жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізіліп зерделенді. Оның нәтижесі 7700 гектар аумақтың 51,2% жерінде көшеттердің көнімділігі жақсы, орташа және қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетті. Жасанды орман алқабын кеңейту ең алдымен тұқымбақтардың жұмысына байланысты. Сондықтан «Жасыл аймақ» КММ Түркістанның тұқымбағын дамытып, ағаш-бұта көшеттерін көбейтуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x