Шымкенттің тазалық қызметі 5 жаңа техникамен толықты

Dalanews 06 қаз. 2021 12:28 266

Күз мезілі келісімен жапырақтар түсіп, тазалық қызметкерлерінің жұмысы арта түсетіні мәлім. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқаруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

.Соның бірі – көпқабатты үйлерде тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысатын «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС.

Мекемеде жалпы 18 техника болса, оның қатарына қоқыс артуға және шығаруға арналған 5 жаңа техника қосылды.

Техникаларының жаңаруы ауданның санитарлық-тазалық дәрежесін арттырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x