ШҚО-ға Қытайдан гуманитарлық жүк келді

Dalanews 06 қаз. 2021 12:22 174

Шекаралас Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Шығыс Қазақстанға қайтарымсыз көмек ретінде гуманитарлық жүк жіберді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мәліметінше, аймаққа 3 мың қорғаныс киімі, 6 мың медициналық маска, 63 мың хирургиялық қолғап, 10 мың жұп медициналық қолғап әкелінген.

Жеткізілген жүк Шығыс Қазақстанның алдыңғы қатарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін коронавирустан ЖҚҚ-ның екі айлық қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚХР ШҰАР Тачэн округінің үкіметі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қауіпті індетке қарсы күресте жеңіске жетіп, қалыпты өмірге тезірек оралуға тілек білдірді.

Қазіргі уақытта гуманитарлық көмек тиісті қоймаға жеткізілді. Алдағы уақытта облыстың медициналық мекемелеріне таратылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x